Рубрика: Uncategorized

2022 жылғы 03 тамызда Ұлытау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды. Сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары К. Д. Жанаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады. Ол 2022 жылғы 03 тамыз сағат 18-дегі жағдай бойынша облыстық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына ұсынылған 11 кандидаттың ішінен 6 адамды тіркегенін хабарлады: Шайдаров Серик Жаманкулович, 1965 жылы туған, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Ұлытау облысының Жезқазған қаласында тіркелген; Оспанова Замзагуль Кажмукановна, 1964 жылы туған, Қаражал қалалық мәслихатының хатшысы, Ұлытау облысының Қаражал қаласында тіркелген; Медебаев Советбек Турсынович, 1965 жылы туған, Ұлытау ауданының әкімі, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында тіркелген; Молдабаев Оралбай Насенович, 1966 жылы туған, Жаңаарқа ауданының ВП-21 бастығы, Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында тіркелген; Мырзабеков Аманжол Батырбекович, 1973 жылы туған, Ұлытау ауданы мәслихатының хатшысы, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында тіркелген; Кожахметов Бактияр Сапарбекович, 1962 жылы туған, «Ұлы Тағзым» қоғамдық қорының атқарушы директоры, Ұлытау облысының Жезқазған қаласында тіркелген. Тіркелген үміткерлердің ішінде бес (83%) ер адам және бір (17%) әйел адам бар. Мамандықтар бойынша: 5-инженер, 1-оқытушы. Кандидаттар арасында: 2 — мемлекеттік қызметкерлер, 2 – коммерциялық ұйымдардың қызметкерлері, 2-өкілді органдардың қызметкерлері. 03 тамыз күні сағат 18.00-ден бастап Сенат депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылдың 23 тамыз күні сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы. Сенат депутаттығына кандидаттарға заңнамада үгіт жұмысын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.