Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде – жаңа басшы

2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына Дастан Рүстемұлы ТӨРЕГЕЛДИН тағайындалды.

Бөлімнің жаңа басшысының екі жоғары білімі бар: заңгер және экономика бакалавры.

Дастан Рүстемұлы әр жылдарда Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында бас маман, кейін халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы болды.

Ол сондай-ақ, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы лауазымында болған және Кәсіпкерлік палатасының бірінші санатты сарапшысы қызметін атқарған.

Тағайындауға дейін Сәтбаев қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметінде болды.

Сәтбаев қаласы әкімі аппараты

баспасөз қызметінің материалы негізінде әзірленді.