Қайта жаңғырған жәрмеңке

Сенбі күні Жезқазған қаласындағы – Мұса Жәлел көшесі 1 ші мекен жайы бойынша орналасқан ашық алаңқайда облыстық ауылшаруашылық тауар өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының тікелей тапсырмасы бойынша қолға алынған жәрмеңке – жергілікті жұртшылық үшін де, кәсіпкерлер үшін де тиімді болды. Жәрмеңкеде өңіріміздегі шаруалардың өнімдері мен оңтүстік өлкеден келген жеміс-жидектер мен көкөністер ұсынылды. Әрине, мұндағы баға – қазіргі нарықтағы саудадан едәуір төмен бағада болды. Жәрмеңкеге өңір басшысы арнайы келді. Біраз жылдан бері алғаш рет ұйымдастырылып тұрса да, жәрмеңкеге жиналған халықтың қарасы қалың болды. Сұраныс бар, демек мұндай ашық алаңқайдағы сауда енді дәстүрге айналады.
Айта кетейік, қалалық “кәсіпкерлік және ауылшаруашылық” бөлімі таратқан ресми мәлімет бойынша бүгіннің өзінде 25 тонна ет пен 21 тонна бау-бақша өнімдері сатылған. Жәрмеңке әр аптаның сенбісінде өтіп тұрады.
P.S. Жәрмеңкеге келген өнімдер қатаң санитарлық тексерістен өтті. Тазалық талаптары бақылауда болды