Бүгін Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында кеншілер мен байытушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында кеншілер мен байытушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Ш. Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында өткен жиында кеншілерді Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин, Ұлытау облыстық мәслихатының хатшысы Бауыржан Шыңғысов құттықтады.
✅Кен байыту саласы Ұлытау облысы үшін ерекше маңызға ие. Кеншілер мен байытушылар тек облысымыздың ғана емес, тұтастай республиканың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жәйрем кенті – кеншілер мен байытушылардың құтты мекені. Биыл облысымызда бұл мереке бір апта бойы атап өтіліп, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйланып отыр. Осы іс-шараларды ұйымдастырған «Қазақмыс» компаниясының басшылығына алғысымды білдіремін, – деді облыс басшысы Берік Әбдіғалиұлы өзінің құттықтау сөзінде.
✅Аймақ басшысы салтанатты жиында Шығыс Жезқазған кеніші конвейер учаскесінің шебері Жұматай Ақпанбетовке «Еңбек ардагері» төсбелгісін, бірқатар кеншіге «Кенші даңқы» төсбелгілерін табыстады.