Берік Әбдіғалиұлы жұмыс сапарымен Сәтбаев қаласына келді

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы жұмыс сапарымен Сәтбаев қаласына келді.

 Ең алдымен Алаш 15 және Наурыз 53 мекен-жайларындағы апатты деп танылған тұрғын үйлерге барды.Өңір басшысы тұрғындардың арыз – шағымдарын тыңдап, тиісті құрылымдық бөлімшелерге қолданыстағы заңнаманың аясында қажетті жұмыстарды ұйымдастыру туралы тапсырмалар берді.
 Бүгінгі күні Сәтбаев қаласы бойынша апатты жағдайда 20 тұрғын үй, апат алдындағы жағдайда 5 үй бар.
 Қаланы аралау барысында облыс әкімі жеке қабылдауында болған тұрғынның шағымына сәйкес Мәңгілік ел көшесіндегі № 25 үйге барып, шағымдағы мәселенің нақты шешілгенін тексерді.
 Сонымен қатар Б.Әбдіғалиұлы жұмыс сапары барысында «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС № 1 жылыту станциясына барып, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын тексерді.
 Сапар соңында өңір басшысы №8 шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу жобасымен, сонымен қоса «Юность» стадионын қайта жөндеу жұмыстарымен танысты.
 Облыс әкімі апатты үйлердің мәселесін оңтайлы шешу, жылыту маусымына дайындықты күшейту және жылуды кешіктірмей беру, сондай ақ №8 шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық құрылымының құрылысын қайта пысықтау туралы нақты тапсырмалар берді.