Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы шаһарымыздағы VI ықшам ауданында орналасқан ашық алаңқайда болды

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы шаһарымыздағы VI ықшам ауданында орналасқан ашық алаңқайда болды. Ертеректе жәрмеңке өтетін жер қазір қаңырап бос тұр. Өңір басшысы осы алаңға тазалық жұмыстарын жүргізіп, келесі аптаның сенбісінен бастап тұрғындар үшін жәрмеңке өткізуді тапсырды. Жәрмеңкеде – тікелей, ешқандай делдалсыз ауылшаруашылық өнімдері ең төменгі бағада сатылатын болады. Аталған жұмыстарды ұйымдастыруды Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжановқа жүктеді. Жәрмеңке өтетін күні тұрғындарға алдын ала хабарланады