Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласындағы «Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ-не арнайы барды

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласындағы «Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ-не арнайы ат басын бұрып, онда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.Оқу жылының басталуына аз ғана уақыт қалса да, мектеп ғимаратындағы жөндеу жұмыстарының көп бөлігі аяқталмаған.Себебі бас мердігер «Балхашский Казмеханомонтаж» ЖШС компаниясының жауапсыздығы. Мамыр айында басталуы тиіс жұмыстар маусым айының соңында ғана қолға алынған. Өңір басшысы мердігер компания өкіліне қатаң ескерту жасап, «1500-ға жуық бала білім алатын шаһарымыздағы маңдайалды мектеп 1 қыркүйекте оқушыларды қабылдауға дайын болу керек», – деді.
Қазіргі кестеге сай күрделі жөндеу жұмыстары 29 тамызда толықтай аяқталады деп күтілуде. Облыстық Білім басқармасы аталған нысандағы жұмыстарды күнделікті бақылауда ұстап отырады.